• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Көкпардан Қазақстан чемпионаты аяқталды (ФОТО)

    Қостанай қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастыруымен көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

    Еліміздің 15 өңірінен келген 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер командалары өзара ең мықтыны анықтады.

    Алты күн бойы Қостанай атшабарын додаға айналдырға дүбірлі жарыста ұлттық ойынның жаңа да жас буыны қалыптасқаны анық көрінді.

    Чемпионатта осымен тоғызыншы рет Түркістан облысының командасы жеңімпаз атанды. Күміс жүлдеге Қарағанды облысының командасы ие болды.

    Ел чемпионатының  үшінші орын тұғырына Алматы мен Шымкент қаласының командалары көтерілді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, кубок, медаль және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы тағайындаған ақшалай сыйақымен марапатталды.

     

    Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы,

    ФОТО: Мақсат ШАҒЫРБАЙ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *