Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу турнирінде Қостанайдың «Тобыл» клубы мен Ақтөбенің «Ақтөбе» командасы қарсыластарымен кездесті. «Тобыл» өз алаңында Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» жасағымен ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. «Ақтөбе» сырт алаңда Румынияның «Сепси» клубымен 1:1 есебімен тең түсті.
«Тобылдың» құрамында жалғыз голды ойынның 68-минутында Роман Асранкулов салды. Енді командалардың келесі матчы 17 тамызда болады.
Қостанайдың командасы бұған дейін Финляндияның «Хонка» (0:0, 2:1) мен Швейцарияның «Базель» (3:1, 1:2) клубтарымен ойнап, екі матчтың қорытындысы бойныша іріктеу турнирінің үшінші сатысына шықты. Енді тағы да «Тобылдың» жолы болса, Конференция лигасының плей-офф кезеңінде «Виктория» Пльзень (Чехия) мен «Гзира Юнайтед» (Мальта) командаларының арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.
«Ақтөбе» сырт алаңда Румынияның «Сепси» клубымен ойында мачтың 89-минутында гол жіберіп, алып, қолда тұрған жеңістеен айырылып қалды. Бұл кездесуде «Ақтөбенің» құрамында жалғыз голды Элдер Сантана салды.
Осылайша командалар ойынды 1:1 есебімен аяқтады.
Ақтөбелік команда Конференция лигасының екінші іріктеу сатысында Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубын (4:1, 1:2) жолда қалдырған еді. Енді «Ақтөбе» өз алаңында «Сепсиді» жеңсе, плей-офф сатысында «Будё-Глимт» (Норвегия) мен «Пюник» (Армения) командаларының арасындағы мачтардың жеңімпазымен кездеседі. «Будё-Глимт» бірінші ойында қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА