Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан WTA 1000 турнирдің ширек финалына шықты.
Ол 1/8 финалда америкалық US Open 2017 турнирінің жеңімпазы, WTA рейтингінде 38-орында тұрған АҚШ спортшысы, US Open-2017 чемпионы Слоан Стивенсті жеңіп, ширек финалға шықты.
Бірінші сетте Рыбакина қарсыласын 6:3 есебімен ұтты. Ойынның екінші партиясында Рыбакинаның оң жақ иығының ауыратынын айтып, медициналық тайм-аут алды. Бірақ ол көп ұзамай ойынға қайта оралып, матчты 6:3 есебімен аяқтады.
Бұған дейін екінші айналымда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 584-орында тұрған американдық Дженнифер Брэдиді 6:7, 7:6, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Енді Елена Рыбакина 1/4 финалда ресейлік Дария Касаткинамен кездеседі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА