• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: «Тобыл»

    «Тобыл» футбол клубында жанжал шықты  

    Футболдан Қостанайдың «Тобыл» клубының бұрынғы директоры Андрей Канчельскис отставкаға кетуіне байланысты мәлімдеме жасады. Ол Championat сайтына берген сұхбатында «Тобыл» клубындағы қызметінен кету туралы өтініш жазбағанын, 29 қарашада еңбек демалысынан келгеннен кейін команданың тең төрағасын сотқа беретінін айтты. Мен «Тобылдан» кеткен жоқпын. Маған ешкім ештеңе деген жоқ. Ешқандай құжатқа қол қойған емеспін. Ол (клубтың тең төрағасы, — ред.) мені алаяқ деп ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Тобыл» мен «Ақтөбе» үшінші іріктеу турнирін бастады (ВИДЕО)

    Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу турнирінде Қостанайдың «Тобыл» клубы мен Ақтөбенің «Ақтөбе» командасы қарсыластарымен кездесті. «Тобыл» өз алаңында Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» жасағымен ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. «Ақтөбе» сырт алаңда Румынияның «Сепси» клубымен 1:1 есебімен тең түсті. «Тобылдың» құрамында жалғыз голды ойынның 68-минутында Роман Асранкулов салды. Енді командалардың келесі матчы 17 тамызда болады. Қостанайдың командасы бұған дейін Финляндияның ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Тобыл» мен «Ақтөбе» жарысты жалғастырады (ВИДЕО)

    UEFA Конференция лигасы іріктеу турнирінің екінші сатысында Қостанайдың  «Тобыл» клубы мен «Ақтөбе» командасы келесі айналымға шықты. «Тобыл» Швейцарияның «Базель» командасын бірінші ойында 3:1 есебімен жеңген еді. Екінші кездесуде қарсыластарынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Сол сияқты «Ақтөбе» Кутаисиде жергілікті «Торпедо» жасағын 4:1 есебімен ұтып, екінші ойында 1:2 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Сөйтіп, екі қазақстандық команда да қарсыластарынан өз алаңында жеңілсе де ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Ордабасы» тең түссе, «Ақтөбе» мен «Тобыл» жеңіске жетті (ФОТО, ВИДЕО)

    Конференция лигасының екінші іріктеу турнирінде еліміздің үш клубы – Шымкенттің «Ордабасы», Қостанайдың «Тобыл» мен Ақтөбенің «Ақтөбе» командалары жарыс жолына шықты. Әуелі Астана уақыты бойынша «Ордабасы» өз алаңында Польшаның «Легия» жасағымен ойнады. Шымкенттің командасы ойын кезінде 2:0 есебімен ұтып жатып, қақпасына екі гол жіберіп алып, қолда тұрған жеңістен айырылып қалды. Сөйтіп, матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері құрамында ойынның 13-минутында ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Тобыл» келесі іріктеу сатысына шықты (ВИДЕО)

    Футболдан Қостанайдың «Тобыл» клубы UEFA Конференция лигасының іріктеу турнирінің алғашқы сатысында сырт алаңда Финляндияның «Хонка» командасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең ойнады. Матчтың бірінші таймында командалар жылдам ойын өрнегін көрсетіп, тез гол салуға тырысты. Алайда алаң иелері де қонақтар да есеп аша алмады. Екі команда да мүмкіндік болды. Әсіресе, «Хонка» жасағының шабуылшылары «Тобылдың» айып доп алаңын айналшақтап жүріп, қауіпті жағдайлар жасап ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Тобыл» алғашқы матчта жеңіске жетті

    УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу сатысында Қостанайдың «Тобыл» клубы өз алаңында Финляндияның «Хонка» командасымен кездесіп, қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты.   Бірінші таймда Суоми елінің өкілдері есеп ашты. Ойынның 39-минутында Лукас Кауфманн 39-минутта нысананы діл көздеп, командасын алға шығарды. Екінші таймда «Тобылдың» ойыншысы Мильян Вукадинович 62-минутта есепті теңестірді. убль мергендік танытты. Екі команда арасындағы қарымта кездесу 20 шілдеге белгіленген. Одан кейін ол ...

    Read More »