• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Махмұд Сабырхан

    Махмұд Сабырхан Олимпиада үшін басқа салмаққа ауысты

    Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан салмақ ауыстырды. Ол QAZAQ RING YouTube арнасына берген сұхбатында салмағын келесі жылы Парижде болатын Олимпиялық ойындарға бола ауыстырғанын айтып қалды. Боксшы енді 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістіреді. Білесіздер ме, кез келген боксшының арманы –  Олимпиялық ойындар. Менің салмақ дәрежем — 54 келі. Бірақ бұл Олимпиаданың салмағы емес. Сондықтан енді 57 келіде бақ сынайтын ...

    Read More »

    Боксшы Махмұд Сабырханға екі бөлмелі пәтер берілді

    Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханға Шымкенттен екі бөлмелі пәтер берілді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен оның жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековпен кездесіп, сый-сыяпат көрсетті. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан Ташкентте өткен әлем чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Осы додада ол құраманың қоржынына екінші алтын жүлдені әкелді. Ол  1/32 ...

    Read More »

    «Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы»: Тоқаев бокстан әлем чемпиондарын құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алған былғары қолғап шеберлерін құттықтады. Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!,  – деп жазылған президенттің Twitter-дегі құттықтауында. Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Ташкентте бүгін мәреге жетіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Махмуд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Махмуд финалда өзбек Ойбек Жураевпен алтын медаль үшін таласты. Шайқас басталғаннан біздің оғлан оның тізгінін өзінің қолына алып алды. Үнемі шабуыл үстінде болған ол тіпті үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Есеп – 5:0! Сөйтіп, әлемнің 2021 жылғы күміс ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан Ойбек Джураевпен қолғап түйістіреді (ВИДЕО)

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың 54 келі салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шебері Махмұд Сабырханның финалдағы қарсыласы анықталды. Ол финалға Өзбекстанның өкілі Ойбек Джураевпен кездеседі. Өзбек боксшысы жартылай финалда Дмитрий Двалиді (Ресей) ұтты. Еске сала кетейік, Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының сапында Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан да алтын жүлдеге таласады (ВИДЕО)

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың 54 келі салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан да финалға шықты. Ол жартылай финалда кубалық Йосвани Вейтианы ұтты. Махмұд Сабырхан – ұлттық құрамада сенім артылып отырған боксшының бірі. Финалда ол қарсыласын аса қиналмай жеңді. Финалдың бірінші раунды қазақ боксшының үстемдігімен өтті. Боксшымыз ширек финалда ганалық Мұхаммед Амадуды ...

    Read More »

    Тағы екі қазақ боксшысы Азия чемпионы атанды

    Бокстан Таиландтың астанасы Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбайдың ізін ала 54 кг салмақтағы Нұрсұлтан Алтынбек пен 57 кг салмақта шаршы алаңға шыққан Махмұд Сабырхан да алтын медальді жеңіп алды. Финалда Нұрсұлтан Алтынбек филиппиндік Флинт Джарамен кездесіп, оны қиналмай ұтты. Ал Махмұд Сабырханның қарсыласы тай боксшысы Саравут Суктхет отандасымызға лайықты қарсылық танытты. Алайда, Махмұд Сабырхан шаршы ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан жартылай финалға шықты

    Боксшы Махмұд Сабырхан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Ширек финалда 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін боксшы Махмұд Сабырхан малазиялық Акмаль Мухамадты жеңді. Жекпе-жек кезінде Сабырхан қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Осыған байланысты төреші малазиялықтың таяқ жеуін тоқтатуды ұйғарды. Осылайша, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Махмұд Сабырхан кемі қола жүлдеге ілігіп отыр.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Боксшылар Азия чемпионатында алғашқы жеңістеріне жетті

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан U-22 Азия чемпионаты басталып, жарыстың алғашқы күні алты жекпе-жек болды. Қазақстан құрама сапынан екі боксшымыз шаршы алаңға көтеріліп, екеуі де жеңіске жетті. Алдымен 48 килодағы Санжар Тәшкенбай қырғыз Анваржан Ходжиевтан 5:0 есебімен басым түссе, 57 кг салмақтағы Махмұд Сабырхан да өзбек Мирзабек Мирзахаловты айқын басымдылықпен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды. Осылайша Азия чемпионаты жақсы жаңалықпен ...

    Read More »