• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тағы екі қазақ боксшысы Азия чемпионы атанды

    Бокстан Таиландтың астанасы Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбайдың ізін ала 54 кг салмақтағы Нұрсұлтан Алтынбек пен 57 кг салмақта шаршы алаңға шыққан Махмұд Сабырхан да алтын медальді жеңіп алды.

    Финалда Нұрсұлтан Алтынбек филиппиндік Флинт Джарамен кездесіп, оны қиналмай ұтты. Ал Махмұд Сабырханның қарсыласы тай боксшысы Саравут Суктхет отандасымызға лайықты қарсылық танытты. Алайда, Махмұд Сабырхан шаршы алаңда шапшаң және жеңіске деген жігерлігін көрсетіп, рингтің иесіне еш мүмкіндік бермеді. Төрешілер шешімі бойынша Махмұд айқын жеңіске жетті.

    Махмұд Сабырхан былтыр ересектер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері болған еді. Енді міне, жастар арасындағы құрлықтың чемпионы атағын жеңіп алып отыр.

    Осыған дейін Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атанса, Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг) пен Диас Молжігітов  (75 кг) күміс медальге ие болды. Бұл үшеуі финалда өзбек боксшылары Бекзод Хамидов, Нурислом Исмоилов пен Алохон Абдуллаевтан ұтылды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *