• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: спорт журналисі

    Қазақ спорт журналистикасының мәуелі бәйтерегі еді

    Қазақ спорт журналистикасының мәуелі бәйтерегі, қазақ спорт комментаторлық қызметінің  іргесін қалаған жанның бірі, өз саласының қамшы салдырмас саңлағы болған, ардақты ағамыз, ой кемел, айтары байтақ жаны жайсаң асыл ұстазым Рабат Жәнібеков бақилық өмірге аттанып кетті. Аяулы ағамның қазақтың комментаторлық мектебінің дамуына қосқан үлесі шексіз еді. Өзінің футбол жүргізіп отырғанда қиыннан қиыстырып қолданатын тапқыр сөздерімен миллиондаған көрермендерін баурап алатын айырықша қасиетін ...

    Read More »

    Белгілі журналист Рабат Жәнібеков өмірден өтті

    Қазақ журналистикасының ардагері, қазақ телевизиясы мен радиосына өз қолтаңбасын қалдырған белгілі спорт журналисі Рабат Жәнібеков өмірден өтті. Рабат Әлібекұлы 1942 жылы 27 маусымда қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауылында туған. Ол саналы ғұмырын қазақ телевизиясына арнап, қазақ тілінде спорт репортажын жүргізген комментатор болды. Мектепті бітіргеннен соң қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне түсті. Университетте білім алып, жеңіл ...

    Read More »

    «Низкий поступок», «колхозный вариант». Илья Ильин мен федерация өкілі тілшінің намысына тиген

    «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Аслан Қаженовті белгілі ауыр атлет Илья Ильин мен жеңіл атлетика федерациясының өкілі кемсіте сөйлеген. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Түрім колхозға ұқсап тұр ма? Неге үнемі өзге ұлт өкілдерінен осындай балағат естиміз? Бір емес, екі емес… Ана жолы Илья Ильин «низкий поступок жасадың» деп еді, енді Павел Кукин «колхозной вариантсың» дейді. Бұның шегі бар ма өзі?! — деп ...

    Read More »

    Көзден кетсе де, көңілден кетпейді (ФОТО)

    Біздер қасымызда  жүрген қадірлі, құрметті жандарды тек арамыздан кеткенде ғана біліп жатамыз. Әрине, адамның  артықшылығын көзі тірісінде бағаланып, халық алдында лайықты бағасын алып жатса одан артық не бар шіркін. Қазақтың көптеген жақсы, жайсаңдары ортамызда жүргенде барынша еленбей, бақилық сапарға аттанып кетіп жатқандарында ғана «Ой, қандай адам еді», деп, жерге сыйғызбай мақтауын келістіреміз. Менің айтпағым, адамды көзі тірісінде жақсы сөздермен жан ...

    Read More »

    Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаттары анықталды

    Мәдениет және спорт министрлігінде спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайын өтетін байқау қорытындыланды, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 27 үміткер қатысып, олардан газет және сайт, телевидениеде жарық көрген 118 жұмыс келіп түсті. Қазақ тілінде 15, орыс тілінде 12 ...

    Read More »

    Көңіл көңілден су ішеді

    Бүгін Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен ауыр дертке шалдығып, емделіп жатқан белгілі әріптесіміз Галина Полеваяны қолдау үшін спорт ардагерлері мен журналистердің арасында қайырымдылық матч болды. Кездесу аталған ұйымның жаңадан салынған ғажап ғимаратының алаңында өтті. Әріптесіміз Галина Полевая ұзақ жылдар «Қазақстан» және «Хабар» телеарнасында жұмыс істеген. Ол алдымен үлкен жүректі адам. Кезінде көркем гимнастикамен айналысып, спорт шебері атанған. Телевидениеде жүргенде оның көп ...

    Read More »