• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Теннис

    Рыбакина әлемдік рейтингіде оныншы орнын сақтап қалды

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Mubadala Abu Dhabi Open-2023 халықаралық турнирінің ширек финалында жеңілсе де әлемдік рейтингте оныншы орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева 45-тен 43-орынға көтерілді. Жұптық сында әлемдік рейтингте Анна Данилина 24-тен 25-орынға, ал Елена Рыбакина 111-ден 113-орынға түсті. Mubadala Abu Dhabi Open-2023 турнирінің ширек финалында Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен кездекен ...

    Read More »

    Теннисші Бублик жеңілісін ракеткасынан көріп, сындырып тастады (ФОТО, ВИДЕО)

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монполье қаласында өтіп жатқан АТР турнирінде алаң иесі Грегуара Баррердан 4:6, 7:6(14:12), 6:7(3:7) жеңіліп, жанкүйкерлердің көзінше мінез көрсетіп, бір ракеткасын кортта, тағы екеуін алаңның сыртында сындырып тастады. Сөйтіп, Бублик қарсыластарынан қатарынан тоғызыншы рет жеңіліп қалды. Ал Баррермен кездесуде ол тіпті, 14 рет қателік жіберді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА   The TRIPLE 😳😳😳#OSDF23 @OpenSuddeFrance pic.twitter.com/vTsNeFVJcA ...

    Read More »

    Рыбакина Abu Dhabi Open турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде қаласында басталған WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турнирінде жеңісіне жетті. Қазақстанның теннисшісі чехиялық Каролина Плишковамен ойнап, оны 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Каролина Плишкова бір кездері дүниежүзінің бірінші ракеткасы болған. Енді Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі. Беатрис екінші айналымда тағы бір қазақстандық, рейтингте ...

    Read More »

    Жас теннисшілер халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисшілер Томирис Нұржан мен Әмір Омарханов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Томирис Нұржан Испанияның Барселона қаласында өткен Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирін жеңіп алса, Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің бас жүлдесін иеленді. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Томирис Нұржан финалда жергілікті ойыншыны 6:4, 6:2 есебімен жеңген. Жеңімпазға сыйлықты Каталония мэрі тапсырып, оның жеңіске деген жігерін атап өтіп, отандасымызды ...

    Read More »

    Новак Джокович жүлде қоры ең көп теннисші атанды

    Сербиялық теннисші Новак Джокович Австралия ашық чемпионатында жиырма екінші рет «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирді жеңіп алды. Бұл атақ оған әлемдік рейтингтің жоғарғы сатысына қайта оралып, жүлде қоры бойынша рекордсмен атануға мүмкіндік берді. Мельбурн корттарында грекиялық Стефанос Циципасқа қарсы финалдық кездесуде жеңіске жеткені үшін Новак Джоковичке 2,975 миллион доллар көлемінде чек берілді. Теннистегі барлық табысын қосқанда, сербтің  жүлде қоры 166,8 миллион ...

    Read More »

    Жас теннисші Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турнирін жеңіп алды

    Словакияның Трнава қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өткен ITF Juniors турнирінде 14 жастағы отандасымыз Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жеңімпаз атанды. Ол финалда жергілікті теннисші Даниэл Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен ұтты. Жас теннисші былтырғы жылды Tennis Europe рейтингінде үздік ондықтың ішінде аяқтап, ұзақ уақыт бойы чемпиондық кестеде көш бастап келеді. Өткен жылдың желтоқсанынан бері Заңғар Нұрланұлы жоғары санатқа ауысып, ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Қазақстан теннисшілерінің табысының тізімі шықты

    Теннистен Австралия ашық чемпионатына қатысқан Қазақстан спортшыларының қанша табыс тақаны белгілі болды. Олардың ішінде ең көп ақша (527 208 427 теңге) Елена Рыбакинаға төленсе, ең аз сома (7 389 521 теңге) ерлер құрамасындағы Андрей Голубевке бұйырды. Енді рет-ретімен тоқталып өтсек… Әйелдер: Елена Рыбакина – 1 млн 143,5 мың АҚШ доллары (527 208 427 теңге); Юлия Путинцева – 120 мың 307 ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

    Теннисші Елена Рыбакина 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатында финалдық кездесуін өткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасының қарсыласы турнирде бесінші орын алған беларусьтік Арина Соболенко болды. Бірінші сетте Елена жеңді – 6:4. Екінші сетте Соболенко мықтырақ шықты – 6:3. Шешуші ойында Арина Соболенко қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсіп, титулдың иегері атанды. Матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Финалға шығар жолда Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена ...

    Read More »

    Australian Open-2023: финалда Елена Рыбакина мен Арина Соболенко кездеседі

    Теннисші Елена Рыбакина Австралия-2023 Ашық чемпионаты финалында Беларусьтің өкілі, әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Рыбакина жартылай финалда Соболенконың отандасы Виктория Азаренконы жеңген еді. Ол 1 сағат 41 минутқа созылған матчта қарсыласын 7:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Ал Арина Соболенко жартылай финалда Польша теннисшісі Магда Линетті 7:6, 6:2 есебімен ұтты. Соболенко мен Рыбакина арасындағы финал 28 қаңтарда, Астана уақыты бойынша ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Рыбакина жартылай финалға шықты

    Теннистен Австралияның ашық чемпионатының 1/8 финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Свентекті жарыс жолынан шығарып тастаған соң, ширек финалда латвиялық Елена Остапенкомен күш сынасты. Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Матчта Рыбакина қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, Беларусьтің өкілі Виктория Азаренкомен немесе әлемнің үшінші ...

    Read More »