• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ардагерлер жасыл алаңның шаңын қақты

    Бүгін Наурыз мейрамына орай, Өтеген елді мекенінде шағын футболдан аламан жарыс болып өтті. Бұл тамаша мерекелік іс-шараны елге белгілі журналист, спорт ардагері Әлім Анапиянов ұйымдастырды. Ардагарлердің басын қосып, тамаша бір көңіл-күй сыйлаған әріптесімізге ардагерлер шексіз рахметін айтты.

    Наурыз мерекесіне арналып келген ардагерлер арасындағы бұл турнир осымен 4 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Дәстүрлі жарыс деп айтуға толық негіз бар. Хош, сонымен жарыс алаңына шыққан 6 команда күн ұзақ шын мықтыны анықтау үшін жасыл алаңда жан аямай барын салды. Бұл турнирге қазақ фуболының ардагері Асқар Қожабергенов те келіп қатысып тамашалады.

    «Футбол ақылдағыны аяққа түсіріп ойнайтын ойын», деп спорт журналистикасының атасы Сейдахмет Бердіқұлов бекер айтпаған болса керек. Осы әлем халқы қызыға қарайтын спорттың басты құндылығы — денсаулықты жақсарта отырып, ұлы өнердің қыр-сырына тоймай жүгіріп ойнау. Футболдың бір ерекшелігі мұны жаста кәрі де ойнаса болады. Қазақтың атақты комментаторы Диас Омаров жасы 80-ге жетсе де доп ойнап салауатты өмір салтын қалыптастырып жүруші еді. Сондықтанда бүгінгі жарысқа келіп қатысқандардың арты елуде болса алды жетпісті еңсерген қариялар болды. Осындай жас келсе де жастарға үлгі болып жүрген бұл кісілерге Алла денсаулық берсін дейміз.

    Біздің «Ардагер» атты ардагерлер командасы да тартысты ойын көрсетіп жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды. Ең бастысы, осындай шуағын шашқан көктемнің жайма-шуақ күндерінде доп тепкенді қыс бойы аңсаған ардагарлер ойыннан керемет әсер алып, естелікке суретке түсіп жатты. Әттең міне күнұзақ ардагерлерге ұмытылмастай әсер сыйлаған жарыс мәресіне жетіп, үздік командалар мен үздік ойыншылар марапатталып тарқайтын сәтте келіп жетті. Ойын аяқталса да спорттағы ардагерлердің жарысы аяқталмаса деген үміттеміз.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    Алматы облысы

    Өтеген ауылы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *