• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Алексей Сисенбин

    Қазақстан құрамасында өзіне сенімсіздік әлі де бар (ВИДЕО)

    22 наурыздан 23 наурызға қараған түні Уэльстің астанасы – Кардифф қаласында футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында алғашқы  кездесуін өткізді. Ұлттық құрама Уэльс командасымен ойнап,  1:3 есебімен жеңілді.

    Осы матчтан кейін ұлттық құрама бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы Әли Әлиев команданың ойынына баға берді.

    Оның айтуынша, бірінші таймда құрама жақсы ойын өрнегін көрсетті. Үзіліске 1:1 есебімен шықты. Алайда, екінші таймда алаң иелері ұлттық құраманың екі қателігін сәтті пайдаланып, екі рет қақпаны дәл көздеді. Ойын 3:1 есебімен Уэльс құрамасының пайдасына шешілді.

    Жалпы, футбол жанкүйері ретінде айтатын болсақ, Қазақстан құрамасына өз айып алаңында алдасып, қысқа пас беріп ойнауға болмайды екен. Бүгінде Еуропа командаларының осалы жоқ. Бәрі де мықты қарсылас бола алады. Бұл ойында ұлттық құрамаға қақпашы Заруцкий мен қорғаушылардың болмашы қателегі болмаса тең ойнауға болар еді. Енді айып алаңында осындай қателіктер бола берсе, ертең Лихтенштейннің өзі ұлттық құраманы біраз әбігерге салауы мүмкін. Олар Солтүстік Македониядан жеңілген соң бір ұпай алуға тырысады.

    Бірақ Қазақстан үш ұпай алу керек. Уэльспен матчта 16 жастағы Дастан Сәтпаевтың ойыны ұнады. Ол алаңды жақсы көреді екен.  Құрамаға осындай жалындап тұрған жастар керек. Тағыберген, Марочкин, Вороговский, Мужиков бір тайм ғана ойнай алады. Заруцкий публикаға ойнайтын қақпашы екенін көрсетіп қалды. Жалпы, бүгінгі матч жаман болған жоқ. Тағы қайталап айтсам, егер Заруцкий мен қорғаушылардың қателігі болмаса бір ұпайды алуға болатын еді.

    Біздің ойыншылардың бойында мандраж әлі де бар. Әлиевтің ойынды ашық ойнап, шабуылға жиі шығуды мақсат еткені ұнады.

    Осылайша, Қазақстан  іріктеу турнирін жеңіліспен бастады. Осы матчтан кейін ұлттық құрама J кіші тобындағы бес команданың ішінде төртінші орында қалып отыр. Үздік үштікке Солтүстік Македония, Уэльс және Бельгия құрамалары жайғасты. Қазақстан құрамасы бір голдың арқасында ғана Лихтенштейннің алдында тұр.

    Қазақстан құрамасының іріктеу турниріндегі екінші матчы Лихтенштейнмен 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *