Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің кезекті матчында сырт алаңда Лихтенштейн командасымен ойнады.
Матч Вадуц қаласындағы «Райнпарк» стадионында болды. Бірінші таймда ұлттық құрама екі гол салды. 41-минутта Максим Самородов Марат Быстровтың пасын пайдаланып, дорты торға тоғытса, үш минуттан соң Александр Марочкин ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты. Оған пасты бірінші голдың авторы атанған Максим Самородов берді.
Үзілістен кейін есеп өзгерген жоқ. Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы J тобының турнир кестесінде үш ұпаймен үшінші орында келеді. Енді ұлттық құрама іріктеу турнирінің келесі ойынын 9 маусымда Астанада Солтүстік Македония құрамасымен өткізеді.
Лихтенштейн – Қазақстан – 0:2 (0:2)
Голдар: Самородов 42, Марочкин 45
Ескертулер: Обервадицер 45 – Оразов 19
Лихтенштейн: Бюхель (қ), Трабер, Визер, Обервадицер, Хофер (Нотаро 68), Зеле (Шлегель 82), Хаслер (к), Люхингер (Вольфингер 77), Киндле (Цюнд 46), Саланович, Пицци (Саглам 68);
Резерв: Фозер (қ), Эри (қ), Бек, Шедлер, Малин, Лоренц, Нетцер;
Бас жаттықтырушы: Конрад Фюнфштюк;
Қазақстан: Сейсен (қ), Вороговский (Жагоров 72), Быстров, Әліп (к), Марочкин, С.Астанов, Жуков, Оразов (Тағыберген 64), Самородов (Кенжебек 64), Чесноков (Жақсылықов 72), Сәтпаев (Э.Астанов 77);
Резерв: Анарбеков (қ), Заруцкий (қ), Тапалов, Жұмаханов, Жақсыбаев, Мужиков, Айымбетов;
Бас жаттықтырушының міндетін атқарушы: Әли Әлиев.
Төрешілер: Джон Битон, Дэниэл Макфарлейн, Дэвид Макгичи, Дэвид Дикинсон (барлығы — Шотландия);
VAR төреші: Кевин Клэнси (Шотландия)
VAR көмекшісі: Йонас Хансен (Дания).
26.03.2025. «Райнпарк» стадионы, Вадуц, Лихтенштейн. 1 132 жанкүйер.