• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан каратэ федерациясы

    Каратэші Мөлдір Жаңбырбай премьер-лиганың финалына шықты

    Каратэден ұлттық құрама көшбасшысының бірі Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған премьер-лига санатындағы жарыстың финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.

    Мөлдір Жаңбырбай күндізгі сессияда өз тобында қарсылас шақ келтірген жоқ. Әуелі Наталья Варгованы (Словакия), одан кейін Теодора Цанева (Болгария) мен Аика Оказакиді (Жапония) жеңді. Ал ширек финалда Канада, жартылай финалда Жапония (Сара Цуцуми) каратэшісінен басым түсті.

    Еске сала кетейік, финал 16 наурызда болады. Отандасымыздың қарсыласы — Алжир өкілі.

    Жалпы, Ханчжоудағы жарысқа Қазақстан командасы 13 спортшы (бәрі кумите бағдарламасында) апарды.

    Бүгін татамиге шыққан Азия ойындарының күміс жүлдегері Дидар Әмірәлі (67 кг), Дархан Теміралиев (60 кг) пен Олжас Алтынбек (67 кг) іріктеуден плей-офф кезеңіне шыға алмады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *