• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі

    Каратэден ел құрамасы төрт алтын медаль алды

    БАӘ-нің Фуджейра қаласында жастар арасындағы А сериясының 2025 жылдағы алғашқы турнирі аяқталды, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.

    Бұл сында Қазақстан спортшылары 11 медальмен (4 алтын, 7 қола) жалпы есепте 4-сатыға жайғасты. Көш басында Ресей, одан кейін Иран мен Мысыр командасы.

    Алғашқы алтын жүлдені кумите бағдарламасында Дінмұхаммед Айдарбек (U16-17) 55 кг дейінгі салмақта топ жарып, қоржынға салды. Ол 2023 жылы осы Фуджейрадағы жарыста үшінші орын алған.

    Осыдан кейін 14-15 жас санатында Нұрасыл Нұрсейіт (-52 кг) пен Сұңқар Қанибек (-70 кг) жеңімпаз атанды. Ол аса тартысты өткен финалда Максим Виечкановты (Украина), Сұңқар Хорватия өкілін тізе бүктірді. Ал шешуші жарыс күні Аяулым Тілектес (-47 кг) барлық 6 жекпе-жекте қарсыласын жеңіп, мықты екенін көрсетті.

    Қола медаль жеңіп алып, үздік үштікті кірген спортшыларымыздың тізімі:

    U21 жас санаты — Ақниет Шеризат (-55 кг)

    U16-17 жас санаты — Гүлнұр Қойшыбай (-59 кг);

    U14-15 жас санаты — Амир Кеңесбай (-52 кг), Руслан Еркін (-57 кг), Батыр Әділ (-57 кг);

    U12-13 жас санаты — Арнұр Мұрат (-45 кг) пен Инсар Ахмадиев (-50 кг);

    Айта кетейік, Фуджейрадағы турнирге 87 мемлекеттен 2400-ге жуық спортшы жиналды. Қазақстаннан биыл барлығы 140 каратэші сынға түсті. Жастар арасындағы серияның келесі кезеңі Гвадалахара қаласында (Испания) болады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *