• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азиада чемпионы мен жүлдегеріне ақшалай сыйақы беріледі

    Туризм және спорт министрлігі XIX жазғы Азия ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына берілетін ақшалай сыйақы жариялады.

    Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5 000 АҚШ доллары қарастырылып отыр.

    Азиаданың күміс жүлдегері 5 000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3 000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген, — делінген ведомствоның хабарламасында.

    Биылғы Азиадан кейін Қазақстан Бокс федерациясы президентінің жеке қаражатынан сыйақылар да беріледі. Алтын медаль үшін чемпиондар 50 мың АҚШ долларын, күміс жүлдегерлер  30 мың АҚШ долларын, қола медаль үшін  10 мың АҚШ долларын алады.

    Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйекте басталған болатын. Ол 8 қазанға дейін болады. Биыл бұл жарыс осымен 29-рет болып жатыр. Негізі Қытадағы Азиада былтыр болуы кперек еді. Алайда Ойындарды ұйымдастыру комитеті ҚХР-дағы короновирустың пандемиясына байланысты оны биылға шегерді. Сол себепті жарыс ресми түрде Азиада-2022 деп аталады.

    Биылғы құрлықтың басты жарысына  Қазақстан құрамасынан 500-ден астам спортшы спорттың 30 түрінен сынға түсіп жатыр. Әзірше спортшыларымызда 1 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль бар. Алтын медальді кеше Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасындағы Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина  жеңіп алды. Олар командалық жарыста чемпион атанып қоймай, 344 ұпай жинап, Азия ойындарының рекордын жаңартты.

    Тағы бір айтатын нәрсе, Азия ойындарда алғаш рет Олимпиада лицензиялары да беріледі. Бұған дейін Азиадада Олимпиаданың жолдамасын үлестіру деген мүлдем болмаған. Ол тарихта алеғаш рет болып отыр. Азиадада Қазақстан спортшылары да осы мүмкіндікті пайдаланып келеді. Қазір Қазақстан құрамасында төрт жылда бір айналып келетін дүбірлі додаға жолдама алған бірнеше спортшы бар. Лицензияны әлі де алып жатырмыз.

     

     

    Туризм және спорт министрлігі

    ФОТО: Olympics.com

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *