• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азиадада Қазақстанға семсерлесуден қола жүлде бұйырды

    Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан құрамасы жартылай финалда Оңтүстік Корея командасынан жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.

    Құрамында Мұхамедәлі Рахманәли, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев пен Артем Саркисян бар ерлер командасы әлемнің үздіктерінің бірі саналатын Оңтүстік Кореяның споршыларына  41:45 есебімен жол берді.

    Биылғы Азиадада Қазақстан құрамасы жарысты жақсы бастаған еді.  Команда 1/8 финалда Непалдың өкілдерін  45:15, ширек финалда Кувейт құрамасын 45:43 есебімен жеңген болатын. Ал ½ финалға келгенде жігіттердің шамасы финалға шығуға жетпеді.

    Осылайша, қазір Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы медаль қоржынында 14 жүлде бар. Спортшылар бір алтын, екі күміс және 11 қола жүлдені иеленіп отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Сали САБИРОВ

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *