• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ күресі: Еуропа төрешілері ережеге екпін түсірді

    Сербияның Зренянин қаласында қазақ күресінен  IV Еуропа чемпионаты басталар күннің алдында төрешілермен семинар-кеңес болып өтті. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастырумен өткелі отырған бұл аламан жарысқа  17 елден командалар келіп қатысуға ниет білдірді. Еуропа чемпионатында ерлер мен әйелдер  6 салмақ дәрежелері бойынша  төл күресімізден сынға түсетін болады.

    Бүгінгі күні Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының өрелі еңбегінің нәтижесінде әлемнің 5 құрлығында 30 астам мемлекетте төл күресімізден федерациялар ашылған.  Ата күресімізден 7 әлем, 11 Азия чемпионаттары, 3 Әлем кубогы  және 4 рет Еуропа чемпионаты  ұйымдастырылып,  қазақ күресі  жыл сайын даму үстінде.

    31 мамырда байрақты жарыс алдында әрбір елден келген жаттықтырушылар мен төрешілер бас қосып, чемпионаттың жақсы өтуі туралы пікір алмасты. Бұл семинар кеңесті жүргізген  Азия құрлығының қазақ күресі федерацясының бас хатшысы,  халықаралық дәрежедегі төреші Рафаэль Хабиров  төрешілерге қазақ күресінің ережерлері туралы дайындаған бейне баянды саралып көрсетіп, анықтап түсіндіріп берді. Иә, әрбір үлкен жарыста қазылық ететін төрешілердің біліктілі жоғары болуы өте маңызды. Өйткені,  ата күресіміз туралы Дүниежүзілік қазақ күресі федерацмясының бектіп, оны Біріккен күрес әлемі мойындап, көп жылдан бері іске асырылып келе жатқан  негізгі ережеміздің халықарлық деңгейді дұрыс қолдануы бозкілемде төрелік етушілерге тікелей байланысты. Өмір болған  соң барлығы болып жатады. Кейбір кездері ережеге жеңіл қарағандықтан палуанның бағы байланып арты өкіншпен аяқталып жатады.

    Сондықтан да темірдей тәртіп арқылы қалыптасқан қазақ күресі ережесін дұрыс қолдануда төрешілерге артылар сынның жүгі ауыр. Семинар-кеңестің барысында қазақ күресінің ұлттық  дәстүрлі ат әбзелдерінің бірі қамшының да   төреші қолында атқарар қызметі сөз етілді. Әрине, қамшы егер бозкілемнің шетінде тұрған палуанның бапкері, төрешінің шешіміне көңілі толмаған жаңдайда көтеретіндігі белгілі. Сондықтан Азия құрлығының қазақ күресі федерацясының бас хатшысы,  халықаралық  дәрежедегі төреші Рафаэль Хабиров осы мәселеге де ерекше тоқталып өтіп, төрелік еткенде ұмытпауларына назар аударды. Сонымен, қазақ күресіміздің ережелері жіптей тізіліп айтылып, төрешілер өздеріне қажетті ақпартта толықтай ала білді. Енді, осы семинар-кеңестен  ойларына түйіп алғандарын ертең байрақты сында еш қатесіз  жол-жүйесімен қолданатын болады.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    Зренянин қаласы (Сербия)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *