• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Қазақстан теннисшілері «Уимблдон» турнирін сәтті бастады

    Теннистен Қазақстан құрамасының өкілдері Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлады olympic.kz.

    Михаил  Кукушкин алғашқы айналымда украиналық Виталий Сачконы 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Оның  ендігі қарсыласы – франциялық Бенджамин Бонзи.

    Денис Евсеев франциялық Маттео Мартинодан 6:7, 6:2, 7:6 есебімен басым түсті. Енді ол екінші айналымда Францияның тағы бір теннисшісі Титуан Дрогемен кездеседі.

    Бейбіт Жұқаев өзінің алғашқы «Уимблдон» додасындағы ойынында австриялық Юрий Родионовты жеңді. Ол келесі кезеңде сербиялық Хамад Медьедовичпен жолығады.

    Тимофей Скатов итальян Андреа Пеллегриноны жеңіп, словакиялық Лукаш Клейнмен кездесетін болды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *