Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250: турнирінің жеңімпазы атанды.
Ол сербиялық Александра Крунич екеуі жарыстың бірінші ракеткалары болып есептеліп, финалда тайбэйлік Чань Хаочин мен қытайлық Синью Яньді жеңді.
Бірінші партияда тай-брейкте Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:6 (7:3) жеңсе, екінші сетте 6:4 есебімен айласын асырды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА