Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы белдесулерін аяқтады.
Дүбірлі доданың соңғы күні екі отандасымыз бозкілемге шықты. Бірінші болып 87 келіге едйінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күресті. Ол қола медаль үшін белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Одан кейін 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күш сынасты. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан жеңіліп қалды.
Осылайша, әлем чемпионатында отандастарымыз төрт жүлдені жеңіп алды. Атап айтқанда, Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Арсен Жұма (55 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) пен Темірлан Тұрдақын (87 келіге дейін) үшінші орынға табан тіреді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА