• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Келесі жылдан бастап балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларына 30 пайыз қосымша ақы төленеді

    2026 жылғы 1 қаңтардан балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына 30 пайыз қосымша ақы төленеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

    — 2022 жылдан бері Үкіметтің қаулысына сәйкес азаматтық қызметшілердің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өсірілуде. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік шеберлігі үшін лауазымдық жалақысына 30 пайыз көлемінде қосымша ақы төлеуге 2025-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 1,8 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Үкіметтің қаулысына тиісті толықтырулар әзірленіп, келісу сатысында, — деді Үкімет басшысы.

    Премьер-министр сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес республикалық маңызы бар қалалар, облыстық әкімдіктер жергілікті бюджет қаражатынан спорт саласындағы қызметкерлерге үстемеақы тағайындауға және ауылдық жерде жұмыс істейтін спорт саласы мамандарына лауазымдық жалақының кемінде 25 пайыз болатын көтеріңкі лауазымдық жалақы төлеуге мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *