• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атырауда спорттық фестиваль өтті

    Атырауда Жауынгерлік өнер қауымдастығының ұйымдастыруымен Олимпиадалық ойындар санатына жатпайтын спорттың бірнеше түрінен айтулы фестиваль өтті.

    Оған жекпе-жек спортынан,  күрес түрлерінен әлем чемпионаттары, әлем кубогы,  Азия чемпионаты мен  халықаралық турнирлерде топ жарып, Атырау  облысының ғана емес, еліміздің мәртебесін абыроймен қорғап жүрген спортшылар  қатысып,  шеберліктерін көрсетті.

    «Елімізде Олимпиадалық ойындар санатына кірмейтін спорттың бірнеше түрін дамыту мақсатында Жауынгерлік өнер қауымдастығы құрылған еді. Оның құрамына каратэ түрлері, муай-тай, кикбоксинг, ММА, панкратион, грепплинг, у-шу, белбеу күресі, самбо, таеквондо ГТФ, жекпе-жек сайыстары, джиу-джитсу сынды 20-ға тарта спорттық  федерациялар кіреді. Биылғы жылдың басынан бері Ассоциация аясында бірнеше маңызды іс-шаралар жүзеге асты. Қауымдастық құрамына қосылған спорт түрлерінен еліміздің құрама командалары  әлемдік додаларға қатысып, қомақты жүлдемен оралып жүр. Құрама командалар сапында атыраулық саңлақтар да бар. Міне, осындай чемпиондарымыз қала тұрғындары мен қонақтары алдында өздерінің шеберліктерін паш етті.

    Спорттық фестивальдің мұраты – жас ұрпақты салауаттылыққа баулу. Атырау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Жауынгерлік өнер ассоциациясының өткізген фестивалін тамашалауға 10 мыңнан астам көрермен жиналды. Жастардың спортқа деген қызығушылығын көріп қуанасың», – дейді Жауынгерлік өнер  қауымдастығына қарасты  Атырау облыстық ассоциациясының директоры, спорт жанашыры, атымтай-жомарт меценат  Ерлан Табылдиев.

    Спорттық фестиваль барысында қазақ эстрадасының жарқын өкілі Ерке Есмахан, жастардың үлкен қолдауына ие болып жүрген Артур мен Райым сынды әншілер жергілікті өнер шеберлерімен бірге көпшіліктің көңілін серпілтті.

    Мұндай ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.

     

    Қуаныш РАХМЕТ,

    Атырау қаласы.

      

       

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *