• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: тоғызқұмалақ

    Ақтөбе қаласында ұлттық спорт түрлерінен басталған V фестиваль көрігін тоғызқұмалақ шеберлері қыздыруда. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және еліміздің 12 облысынан барлығы 56 спортшы қатысуда. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.

    Тоғызқұмалақ бәсекесі Ақтөбе қаласындағы шахмат клубында ту көтерді.  Фестивальға қатысушылар қатарында 2 республикалық еңбек сіңірген спорт шебері, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері атағын иеленген тәжірибелі ойыншылар бар. Ойыншылар тоғызқұмалақтың классикалық түрінен бақ сынайды.

    Жарыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі төреші Айнұр Жақапбаева.  Жарыстың бас хатшысы – жоғары дәрежедегі ұлттық төреші Қабидолла Нұршин. Тоғызқұмалақ бәсекесі 25 қыркүйек күні аяқталады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *