• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ауыл шекарасын шұғыл жабу керек!!!…

    Беті жаман! Бүгін-ақ бізге жеке адамдарды құтқаруды ғана емес, ЕЛДІ, ҰЛТТЫ сақтап қалуды ойлайтын күн туды! Ал, ЕЛДІҢ, ҰЛТТЫҢ бесігі – А У Ы Л !!! Айналайын,ҰЛТ жанашырлары! Құрметті мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мырзалар! Қадірлі Шұғыл іс штабының мүшелері! Айналайын «АУЫЛ» партиясының төрағасы Әли Бектаев бауырым! Бұл індеттің ошағы астана және республикадағы ірі қалалар болып тұрғаны анық. Әйтсе де облыстардан да жаман хабарлар түсіп жатар. Олай болса – тез арада, ШҰҒЫЛ түрде АУЫЛДАРДЫҢ ШЕКАРАЛАРЫН толық жабу керек!!! Беті аулақ, АУЫЛДАРҒА бір шырпы түсетін болса, бәрі тұтасымен жанып кетеді!

    Бүгінде біз қалалық болып алсақ та АУЫЛДЫҢ жағдайын жақсы білеміз. Медицина төменгі дәрежеде. Медицинасымен ауыл түгілі бүкіл әлемге үлгі болатын  Мадрид, Рим, Милан, Париж, Нью-Йорк не боп жатқанын жақсы білеміз! Ауыл адамдары құдайшыл болғанымен тұтқиыл апатқа аса сене қоймайтын, ойында арамдыға аз қарапайым жандар. Әрі ауыл дүкендерінде өздері мен бала-шағасына талғажу қылатын ас-су, тамақ біткен де тіреліп тұрған жоқ. Осы себеппен қалаға келген бір адам әлгі пәлені жұқтырса, бүкіл ауылға тарайды. Ауыл адамына ҮЙІҢДЕ ОТЫР деп айтып, оны бақылап жүру де қиын шаруа! Олай болса, АУЫЛ ШЕКАРАСЫН  шұғыл түрде толық жабу керек те, аптасына бір рет, екі рет тамақ жеткізетін керуен-көлік жіберіп тұру керек!!! Бұл да оңай шаруа емес.  Бірақ жағдай одан да ауыр. … Өкінішке қарай, қалаға келмесе ішкен асы батпайтын желөкпе жастар аз емес. Соларды тию керек! Ауыл-ауылға жүретін қоғамдық көліктерді мүлдем доғарған жөн! Індет ауылға жетті деген хабар келген соң қимылдаған кешірілмес кеш болады! Қала адамдарын бәрінен шектегенде АУЫЛ адамдарын да бетімен жібермейік!!! …Мен мұны Ел Президентінің, Елбасының, Премьер- министрдің, Парламент, Сенаттың атын атап жаза алмадым. Ол жандардың жұмыстары онсыз да бастан асады. Әрі бүкіл жұмысты орындаушылармен байланыстағы, нағыз алғы шептегі адамдар осы мен атаған жандар емес пе? Әрине, мұны мен ғана ойладым, Сіздер білмей отырсыздар дегенім емес. Арнаулы тапсырмалар да берілген болар. Сонда да болса Ел азаматы, Ұлт қайраткері ретінде осы бір маңызды мәселені тағы бір еске салып, Сіздердің назарларыңызды аударғым келді.

    Осының насихатын өз қолыңа алшы айналайын Ақпарат министрі Дәурен Абаев мырза! Білемін, онсыз да осы бір ауыр күндері алғы шепте жүрсің!. АУЫЛ дегеннің ата-бабалар мекені, ел бесігі екенін де ауыл баласы ретінде жақсы білесің. Өтінемін СІЗДЕРДЕН!!!

    Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ, журналист-жазушы, спорт қайраткері,

    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *