• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Төрт құрлық турнирі: Екатерина Аидова күміс жүлдегер атанды

    Канаданың Квебек қаласында конькимен жүгіруден ІІІ рет ұйымдастырылған төрт құрлық турнирі аяқталды. Соңғы жарыс күні Екатерина Аидова 1000 метрге жарыста күміс жүлдегер атанды. Екатеринаның көрсеткіші — 1:16:191 секунд. Осылайша, ол осы төрт құрлық туриріндегі екінші -медалін мойнына тақты.

    Бұл қашықтықта (1000 м) оңтүстік кореялық Мин Сон Ким (1:16:066) топ жарып, Квебектегі екінші алтын медалін (осының алдында 500 метрде жеңімпаз атанды, — ред.) иеленді. Үздік үштікті канадалық Беатрис Ламарш (1:17:393) түйіндеді.

    «Бұл қысқа қашықтықтың бірі. Ким бірінші айналымды өте жылдам сырғанап өтті. Бұл осы қашықтыққа керек қасиет. Алғашқы айналымды жақсы өтсеңіз, кейінгісі де солай болады. Мен жарысты бастағанда осы жағынан қателесіп жатамын. Бұл жолы екінші-айналымда өз позициямды тапқанда бұл Кимді басып озу үшін жеткіліксіз болды. Кей спортшылар, расымен мықты болады. Ал кейбіреулері техникаға көп иек артады. Мен үшін мұздың жылдам болғаны керек. Күшім көп емес. Сондықтан, техникаға басымдық беремін. Мен сияқты спортшылар үшін бұл мұз қатты болды», — деді Екатерина Аидова.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *