• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азия ойындары: Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасының қарсыластары анықталды

    Қытайда су добынан өтетін Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды.

    Турнир 25 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоу қаласында өтеді.

    Ұлттық құрама 2-7 қазан аралығында өнер көрсетеді. Жарысқа келген барлығы 8 құрама екі топта ойнайды.

    Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Олар алдымен 2 қазанда  Гонконг командасымен, 3 қазанда Жапонияның ватерполшыларымен, 4 қазанда Сингапур құрамасымен ойнайды.

    Одан кейін 5 қазанда ширек финал, 6 қазанда жартылай финал болады. Ал 7 қазанда қола медаль үшін матч финал өтеді.

    Жарыста 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынады.

    Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. 2006 жылы қола жүлдегер болса, қалған Ойындарда чемпион атанған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *