• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Конькимен жүгіруден ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алды

    Ресейлік спортшылар Кристина Силаева мен Елизавета Голубева конькимен жүгіруден Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді, деп хабарлады Zakon.kz.

    Ресей конькишілер одағы жиналыс өткізіп, Кристина Силаева мен Елизавета Голубеваны Қазақстан құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді Одақтың атқарушы комитеті Қазақстанның Ұлттық коньки тебу федерациясының өтініші негізінде қабылдады, деп жазды ресми сайт.

    Атқару комитеті ресейлік спортшыларға 24 айлық карантин енгізуге бірауыздан дауыс берді, деп хабарлады Одақтың баспасөз қызметі.

    Бұған дейін 26 жастағы ресейлік конькиші Елизавета Голубева Қазақстан құрамасының сапында бақ сынауға бел буған болатын. 23 жастағы Кристина Силаева да осындай шешім қабылдады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *