• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Reuters

    Футболда алаңнан уақытша қуу жазасы пайда болады (ВИДЕО)

    Алдағы кезде кәсіпқой футбол ережесінде футболшыны алаңда уақытша қуу жазасы пайда болады, деп хабарлады The Telegraph.

    Британиялық басылымның хабарлауынша,  футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі уақытша шектеуді енгізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жаңа ереже келесі жылдан бастап енгізілуі мүмкін.

    IFAB қызыл қағаз көрсетуге жеткіліксіз, бірақ қатардағы ескерту үшін өте ауыр келетін тәртіп бұзушылық үшін футболшыны 10 минут уақытқа шеттейтін болады, — делінген хабарламада.

    Бұған Джорджо Кьеллини мен Букайо Сака арасындағы Еуро-2020 матчында болған себеп болды.

    Ол кезде Италия құрамасының қорғаушысы Англия командасының ойыншысына қапталмен жүгіріп өтуге кедергі жасап, жейдесінен тартып, жерге құлатқан болатын.

    Бұл жаза қою сары түсті ескерту қағазының баламасы болады. Енді төрешімен келіспеген футболшыға да осындай жаза қолданылуы мүмкін.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *