Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 60 келіге дейінгі салмақтағы Римма Волосенко үшінші рет рингке көтеріліп, тағы да жеңіске жетті.
Бұл жолы боксшы Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейродан қарағанда жылдам қимылдап, дәл соққыларын дарыта білді. Осы соққылардан кейін оңтүстікамерикалық боксшы екінші раундта нокдаун алып қалды.
Енді Волосенко ертең ширек финалдағы жекпе-жегіне шығады.
Кеше турнирдің үшінші жарыс күнінде ұлттық құрама сапындағы 3 спортшы шаршы алаңға шығып, бәрі жеңіске жетті.
Дастан КЕНЖПЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram