Теннисші Әмір Омарханов Францияның Париж қаласында жасөспірімдер арасында жұптық сында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Жас теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге екінші айналымда жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю мен аустралиялық Хайден Джонспен сынға түсті.
Бұл ойында бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, Омарханов пен Дерепаско шешуші сәтте 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.
Екінші сетте Омарханов пен Дерепаско үш брейк жасап, матчты жеңіспен 6:2 есебімен аяқтады.
Енді олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.