Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) D тобына Қытай, Иран және Жаңа Зеландия командаларымен бірге түсті. Бастапқы матчта отандастарымыз Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Алдымен Михаил Мищенко тартысты матчта Бленд Лукуды 6:3, 5:7, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін Мансұр Сайынов Юн Лиамаға ес жиғызбады. Есеп — 6:1, 6:0.
Жұптық сында Мансұр Сайынов Аңсар Ниетқалиевпен бірге Аливина мен Лиамадан 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.
Қазақстан өз тобында көш бастаса, Қытай екінші орында.
Енді жасөспірімдер Иранмен командасымен ойнайды. Иран Қытайға 0:3 есебімен жол берді.