Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов грек-рим күресі Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Осы қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді командада бас жаттықтырушының кеңесшісі ретінде жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен еліміз грек-рим күресінен Париж Олимпиадасы (Демеу Жадыраев) мен былтырғы әлем чемпионатында бір күміс медаль (Ержет Жарлықасын) жеңіп алған.
Осыған дейін Қонысбек Кәрімұлы 20 жасқа дейінгі Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы болған. Қонысбек Төкенов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы ресми халықаралық жарыс 17-20 шілде аралығында Будапеште өтетін рейтингтік турнир болады.