• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Жас теннисшілер Өзбекстандағы жарыста үздік шықты

    Өзбекстанның Ферғана қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатының Орталық Азия бойынша іріктеу турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы үздік өнер көрсетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ел намысын ұлдардан Сырымжан Барлықов (Ақтөбе), Әмірхан Қуанышбеков, Евгений Щетнкиков (екеуі де Алматы) қорғады. Жарысқа команданың капитаны болып Руслан Арепринцев қатысты.

    Қыздардан Мартина Курбатова (Алматы), Мария Гуля, Влада Дегтярь (екеуі де Астана) сынға түсті. Зарина Жұмажанова команданың капитаны болды.

    Қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан командаларымен ойнап, барлығында жеңіске жетті.

    Ұлдар да осы елдер құрамаларын тізе бүктірді.

    Турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстанның қос құрамасы биыл күзде Сингапур елінде 12 жасқа дейінгілер арасында өтетін Азия командалық чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *