Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде екі ойынның нәтижесі бойынша Шотландияның «Селтик» клубын жеңгеннен кейін қомақты табыс тапты.
Іріктеу кезеңінде «Қайрат» Словенияның «Олимпия» командасын (екі ойын қорытындысы бойынша — 3:1), Финляндияның КуПС клубы (3:2) мен Словакияның «Слован» жасағын (1:1, пенальти бойынша — 4:3) жеңіп, плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасын пенальти бойынша жолда қалдырды (0:0, пенальтиде — 3:2).
Осы жеңістің арқасында Алматының клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (11,6 миллиард теңге) табыс тапты. Жалпы кезеңде жеңіс үшін — 2,1 миллион еуро (1,3 миллиард теңге), ал тең ойын үшін — 700 мың еуро (436 миллион теңге) сыйақы қарастырылған.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА