Қазақстан құрамасы семсерлесуден 15-18 қазан аралығында Марокконың Касабланка қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысады.
Халықаралық жарыста отандастарымыз шпагадан ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сайыстарда сынға түседі.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста ел намысын Нұржан Әбжанов, Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Аңсар Қасен, Руслан Курбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов пен Георгий Тинников қорғайды.
Әйелдер арасындағы жекелей сайысқа Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, Софья Николайчук пен Дарья Самоделкина қатысады.
Ерлер арасындағы командалық сында Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов бақ сынайды.
Әйелдер құрамасының сапында Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, Софья Николайчук мен Дарья Самоделкина бар.
Қазақстан ерлер құрамасы — семсерлесуден 2026 жылы Азия мен әлем чемпионатында және Азия ойындарында чемпион атағын жеңіп алған.
Жақындда Жапонияда жалауы желбіреген Азиадада Қазақстан командасы алтын медаль иеленсе, Кирилл Проходов жекелей сайыста күміс жүлдеге ие болды.
Жалпы, Азиадада ел спортшылары 12 алтын, 24 күміс, 48 қола, барлығы 84 медаль алды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары