Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2017» турнирінің жеңімпазы анықталды..
Алматы облысының өкілі Ұлан Рысқұл мен «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев бас жүлдеге таласты. Аса тартысты өткен шешуші сында Еламан Ұланды қапы қалдырып «Қазақстан барысы-2017» атағын жеңіп алды. Осылайша Ұлан Рысқұл күміс жүлдегер, Айбек Нұғымаров қола жүлдегер атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды жеңіп алған Ерғалиев 25 миллион теңгені және алтын белбеу мен алтын тайтұяққа ие болды. Ал оның бапкеріне 3,5 миллион теңге сыйақы тапсырылды. Екінші орын алған Ұлан Рысқұл 5,5 миллион теңгемен марапатталса, бапкері 1,8 миллион теңгеге ие болды. Үздік үштікті түйіндеген Айбек Нұғымаровқа 1,8 миллион теңге сыйақы тапсырылса, бапкері 900 мың теңгені қанжығасына байлады.