• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия таеквондошылары Атырауға келді

    Атырау қаласында бұрын-соңды болмаған дүбірлі дода жалауын көтерді.

    Таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты, жалпы Олимпиадалық спорт түрлерінен Атырау қаласында алғаш рет халықаралық жарыс өтуде. Құрлық біріншілігіне 25 ел өкілдері жиналған.

    19-24 сәуір аралығында Атырау халқын ымырасыз бәсекелер мен қызықты қойылымдар күтіп тұр. Бүгін Атырау қаласын, жалпы Қазақстанды таныстыру мақсатында жарыс ұйымдастырушылары «Welcome party» кешін өткізді. Кешке бүкіл әлемдік Таеквондо федерациясының президенті, белгілі спорт мамандары қатысты.

    «Бірнеше жылғы тәжірбиемде бұндай керемет кешті бірінші рет көріп отырмын. Таеквондошылар әдетте бұндай кештерді көп көре бермейді. Концерттік бағдарлама да ойластырылып жасалған екен. Қалаға келгеніме екі-ақ күн болса да өз еліміз сияқты үйреніп кеттік. Бізді мұнда керемет күтуде», — дейді Қытайлық Тайпей елінің жаттықтырушысы.

    Бүгінгі таеквондошылар кешінде ұлттық өнер көрсетілді. Домбыра тартылып, би биленді. Ибрагим Ескендір келіп «көк тудың желбірегенін» шырқады. Әрине бешбармақсыз қазақ той өткізбеген. Келген қонақтарға ұлттық құндылықтарымыз көрсетілді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *