UFC үміткері Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты буындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.
Алматыда аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Octagon 39 турниріндегі басты жекпе-жекте Азат Мақсұм (15:0) мен бразилиялық Фабрицио Нуньес (8:0) кездесті.
Азат Мақсұм жекпе-жекті белсенді бастап, 1-раундтың аяқталуына 10 секунд қалғанда қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.
Отандасымыз былтыр әлемнің белді промоушені – UFC-дегі дебюдті жекпе-жек өткізудің аз-ақ алдында тұрған еді. Алайда қолы сынып, Американың аталған ұйымымен келісімшартқа қол қоюды кейінге қалдыруға тура келді.
Азат Мақсұмның командасы оның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі биылғы бірінші жартыжылдықта өтуі мүмкін екендігін айтты.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
АСТАНА