• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстанда алғаш рет шахматтан әлем чемпионын анықтайтын матч өтеді

    7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада әлемдік шахмат тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атағы үшін тартысты матч өткізіледі. Әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий (Ресей) мен қытайлық Дин Лижен өзара бақ сынайды.

    FIDE баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, матчтың жүлде қоры 2 млн еуро болады. Оның 60%-ы жеңімпазға, ал 40%-ы үміткерге беріледі. Осылайша, Астанада шахматтан 17- әлем чемпионының есімі анықталатын болады.

    2022 жылдың 31 қазанында қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен әлемдегі үшінші шахматшы Ян Непомнящиймен өткізген матчта өзінің классикалық шахмат титулын қорғаудан бас тартқанын ресми түрде растады.

    Үміткерлер турнирінде екінші орынға ие болған қытайлық гроссмейстер Дин Лижен шахмат тәжіне таласу құқығына ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *