• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокстан Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Чамбай Джексонмен кездесіп, жартылай финалға шықты.

    Жекпе-жекте отандасымыз үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

    Осылайша, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды.

    Бүгін Қазақстаннан басқа да боксшылар рингке шығады. 51 кг салмақта Сәбит Даниял алаң иесі Саенгфет Танаратпен, Алтынбек Нұрсұлтан (54 кг) малайзиялық Ахмед Мұхамад Имдадпен, 57 кг салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан тағы бір малайзиялық Мұхамад Азри Алифпен қолғап түйістірсе, 60 салмақтағы Талғат Сырымбетов қытай Ян Минке қарсы шаршы алаңға шығады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *