Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
Рыбакина төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 66-орында тұрған ресейлік Варвара Грачевамен кездесті.
Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Елена жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған кезде Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен есепті 6:3 етті. Екінші сет те Рыбакинаның пайдасына шешілді. Есеп – 5:0. Одан кейін ол төртінші матчболды тиімді пайдалана алды. Есеп — 6:0.
Бұл мен үшін қиын матчтардың бірі болды. Десе де екі сетте жеңіске жеткенім үшін қуанып отырмын. Турнирдегі жағдайлар қолайлы деп айта алмаймын. Бірақ бейімделуге тырысып жатырмын. Әзірше қолымнан келіп жатқан сияқты, — деді Елена Рыбакина.
Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА