Гандболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайдың Сяньган қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті.
Бірінші ойында жасөспірімдер құрамасы Жапонияның гандболшыларымен кездесіп, олардан 29:43 есебімен жеңілген еді. Екінші матчта отандастарымыз Кувейт 33:4 есебімен ұтты.
Матчта Аида Жапарова үздік ойыншысы деп танылды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА