• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Назымбек қасымда қазір де жүргендей сезінемін…

    Осы сөздерді бірнеше рет қайталады да, дәулескер күйші, талантты өнерпаз Назымбек Молдахметовпен бір ауылда тай-құлындай тебісіп өскен ағайыны, жан досы Фараби Кенжалин ауыр күрсінді. Артынша әңгімеміз жалғаса берді. – Балалық шақта бір ауылда туып, тай-құлындай тебісіп қатар өскен өткен шақты еске түсірсеңіз? – Біздер 1970 жылы Торғай облыс болып дүркіреп тұрған кезде сол өлкенің Арқалық ауданы Қайыңды совхозында дүниеге келгенбіз. ...

    Read More »

    Рүстем МҰҚАТОВ: «Мен жастарға қолдау көрсетуге дайынмын!»

    Соңғы кездері қазақ спортының дамуы үшін қолдан келген көмектерін аямайтын спорт жанашырларының қатары көбейіп келеді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де сондай үлкен жүректі азаматтардың бірі, есімі алты Алашқа танымал кәсіпкер, спорт пен өнер және ұлт жанашыры – Рүстем Мұқатов. Бір емес, бірнеше компанияның иесі және құрылтайшысы Рүстем Әбдікәрімұлының жұмыс кестесі өте тығыз екен. Үнемі шетел мен еліміздің әр өңірінде іссапарада жүретін ...

    Read More »

    Жас таланттарды танытатын турнир жалғасын тапты

    26 маусым – Халықаралық нашақорлық  және есірткі саудасына қарсы күрес күні. Атаулы күнге орай  қалалық   Алматы қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы  іс-қимыл басқармасы және Кеңес одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr»  спорт клубы,  Алматы қалалық грэпплинг федерациясы (AIGA), «Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығы бірлесіп ауқымды чемпионат өткізді. Балалар мен жасөспірімдер арасында грэпплингтің AIGA күресі бойынша өткізілген ашық чемпионатта Алматы қаласының ...

    Read More »

    Тартысқа толы турнир таланттарды танытты

    Бүгін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында  бокстан жасөспірімдер арасында республикалық ашық  турнир мәресіне жетті. Кикбоксингтен әлем кубогының иегері, екі дүркін Еуропа чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы, қазақ спортына еңбек сіңірген қайраткер Елмұрат Қайыпжановтың  жүлдесіне арналған додаға еліміздің әр аймағынан 100-ден аса жасөспірім боксшы қатысты. Тартысқа толы өткен турнирдің чемпиондары «спорт шеберлігіне үміткер» атағын алды. Одан бөлек   жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Алматы ...

    Read More »

    Қазақ боксы Америкада көрсетіледі

    «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясы мен ірі америкалық  холдингтардың бірі «ESPN+» эксклюзивті теледидарлық келісім-шартқа қол қойды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткізілген пресс-ланч барысында белгілі болды. Келісім-шартта  АҚШ аумағында «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» ұйымдастыратын кәсіпқой бокс турнирларын 2023 жылға дейін көрсету туралы келісім бар. «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясының президенті  Асқар Салықбаев: — Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылы компанияның құрылған кезінен ...

    Read More »

    Қазақтан шыққан алғашқы киномеханик ана өмірден өтті

    Қазақ киноматогафиясы мен Орталық Азия аймағы бойынша алғашқы киномеханик қазақ әйелі, КСРО киноматография саласының үздік қызметкері, Құрмет және Октябрь Революциясы ордендерінің иегері, Жамбыл және Қордай аудандарының құрметті азаматы Рәпия Халыққызы Халықова анамыз бақилық дүниеге жол тартты. Халықтың, туған елінің ыстық ықыласымен кино қою саласында өлшеусіз еңбек еткен ұлы ананың ұлы жүрегі 2021 жылғы 25 мамыр күні тоқтап, мәңгілік сапарға аттанды. Рәпия ...

    Read More »

    Әлемдік деңгейдегі қазақ бапкері: Октябрь Жарылқапов

    Октябрь Қыдырбайұлы қазақ волейболының негізін қалаған көрнекті спорт қайраткері. Кеңес одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие болған бірінші қазақ маманы (1965 ж.) Әлем чемпионатының қола жүлдегері,  Еуропа чемпионы Жәнібек Сауранбаевтың, КСРО студенттер құрамасының бас бапкері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Заңғар Жәркешевтің, Алматының АДК командасының ұзақ жыл бас бапкері болған Жұмаш Махмұтовтың, Алматының «Буревестник» командасының тренері болған Марат Мәденовтің т.б. атақты ...

    Read More »

    Әлемдік деңгейдегі қазақ бапкері: Едіге Жаров

    Едіге Нұрмаханұлы – спорттық  гимнастикадан Кеңес Одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық гимнастика федерациясы ерлер техникалық комитетінің мүшесі, 1988 жылғы Сеул олимпиадасының 2 дүркін жеңімпазы, әлемнің бірнеше мәрте чемпионы Валерий Люкин мен Канада тарихындағы гимнастикадан тұңғыш Олимпиада чемпионы Кайл Шифелттің, әлем чемпионатының күміс медалисі, Әлем кубогының жеңімпазы, канадалық Брандон Онилдің,  Еуропаның 2 мәрте чемпионы, француз Жил Стаблоның,  әлемдік деңгейде танылған басқа ...

    Read More »

    Шерлі Шәміл

    «Он был из породы гениальных борцов». Ян Дымов, ФИЛА-ның «Алтын орденінің» иегері, Украинаның еңбек сіңірген журналисі, күрестің білгір маманы. Қазақ спортшыларының ішінен олимпиялық спорт түрлері бойынша бірінші әлем чемпионы Шәміл Серіков екенін спорттың есеп-шотын қағушылар жақсы біледі. Шәміл 1978 жылы алғаш рет әлем чемпионатында топ жарса, 1979 жылы екінші мәрте дүние жүзі чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Оның бұл жетістігін ...

    Read More »

    Айханов феномені

    Қазақтың даңқты түйе балуаны, КСРО халықтары спартакиадасының және Кеңес одағы кубогының иегері, КСРО чемпионы Әбілсейіт Айханов туралы толғам Күш атасы Қажымұқаннан кейін әлемдік деңгейде олжа салған бірінші қазақ балуаны осы Айханов болатын. Әбілсейіт аға алаш жұрты өз жерінде барынша азшылыққа ұшыраған (28 пайыз), кеңестік тоталитарлық жүйе әбден күшіне мінген тұста өз ұлтының рухын көтерген кесек тұлға. Тарихқа жүгінсек, өткен ғасырдың ...

    Read More »