• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Алматыда теннистен TS CUP жұптық жарысының жалауы желбіреді

    11 қыркүйек күні Алматы қаласындағы ЦСКА ҚТФ теннис орталығының корттарында Серік Төлбасов Қорының қолдауымен теннис жанкүйерлері арасында TS CUP финалдық турнирі өтті. Әуесқой теннисшілер жұптық жарыста күш сынасып, 3 млн теңге болатын жүлде қорын сарапқа салды. Бұл жарыс биылғы 20 сәуір күні басталған серияда төртінші, қорытынды жарыс болды. Бір жыл ішінде TS CUP турнирлеріне Қазақстаннан 37 спортшы қатысты. Жарыстың жүлде ...

    Read More »

    Спортты өркендету – өзге салаға өңгеріп жіберу емес

    Спорт саласын мәдениеттен бөліп, жеке-дара ведомство етіп құрылымдау мәселесі қоғамның талқысында тұр. Өйткені спорт – бейбітшілік елшісі. Мемлекет символы – Әнұранымыз шырқалып, көк туымыздың көкке көтерілуі екі жағдайда ғана орындалады. Ең алдымен, ел Президенті өзге мемлекетке ресми сапармен барғанда, екінші – спортшылар құрлықтық, әлемдік чемпионаттар мен Азия, Олимпиада ойындарында жеңіске жеткенде. Рухың алпыс екі тамырыңда тулап, ерекше күйге бөлейтін осынау ...

    Read More »

    Әлемде теңдесі жоқ футбол турнирі

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, спорт журналистикасының жампозы, әлемде теңдесі жоқ «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты жобаның авторы, жазушы, спорт шебері Несіп Жүнісбайұлы Қазақстан Республикасының «Отбасы күніне» арналған шағын футболдан «Бір атаның балалары ойнайды» жанұялық республикалық ХХ турнирін «Тараз — Арена » спорт сарайында, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізді. Бұл жобаның ерекшелігі, футбол командасының құрамы ...

    Read More »

    «Біздің мақсатымыз айқын!» акциясы: жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

    Өткен сенбіде Алматы облысы Талғар ауданында спортының дамуына үлес қосып жүрген үздіктерді марапаттауға арналған «Біздің мақсатымыз айқын» атты спорттық – патриоттық бағытта атқарылған жұмыстың қорытынды кеші өтті. Кеш Тұздыбастау ауылының Мәдениет үйінде болды.  Оған Алматы облысы әкімдігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Талғар ауданының әкімдігі, аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығы, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналы, «Аash_pridefc» промоушені, республикалық «Ер – ...

    Read More »

    Спартакиада: Жұма намазға жиналған жамағат жарысты

    Азаматтардың  дұрыс бағытта жүріп, олардың тура жолдан таймауы үшін Алматы қалалық Дін істері басқармасы дәстүрлі Исламның сан ғасырлық өнегесін насихаттап келеді. Тіпті, діндар азаматтардың спортпен үздіксіз айналысуы үшін де бар жағдайды жасауда. «Ұлттық мұра» бағдарламасы мен қалалық Дін істері жөніндегі басқармасы бірлесе өткізген кезекті Спартакиада алып шаһар Алматы қаласының бес бірдей мешітінде өтті. Жұма намазға жиналған көпшілік Конституция күніне орай ...

    Read More »

    Алматыда Головкинді қолдауға арналған акция өтеді

    Алматыда 10 қыркүйек күні қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдамстыруымен «Медеу» спорт кешенінде кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жегі алдында отандасымызды қолдауға арналған акция өтеді. «Медеу» спорт кешенінің директоры Николай Гребневтің айтуынша, акция Головкин мен Альварестің трилогиясының алдында, яғни айқасқа бір апта қалғанда өткізіледі. Головкин көп уақыттан бері еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатып келеді. ...

    Read More »

    Чемпиондар ұстаханасы

    «Болар бала бесігінде бұлқынар», демекші, дарынды баланың қатарлас құрбы-құрдастарынан өзгешілігі әркезде бір қадам алда жүріп, озық ойлауында болады –дейді ғалымдар. Иә, бұған қосылмасқа дауа жоқ. Баланың жастайынан әр салаға қабілеттілігі байқала бастағаннан бастап, оны дұрыс арнаға бағыттай білу ата-ананың міндеті. Баланың жүрек қалауы не қаласа соған бейімдеудің орнына көптеген ата-аналар өздерінің қалауы бойынша оқуға немесе спортқа беріп жатады. Әрине, ол ...

    Read More »

    Спортқа бөлінген қаржы тексерілуі керек – Дәулет Тұрлыханов

    Бүгін Алматыда қазақтың әйгілі балуаны, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов журналистермен кездесіп,ел спортындағы өзекті мәселелер жайында пікірін білдірді. Баспасөз мәслихаты бастала салып, Дәулет Болатұлы қазіргі күндегі елдегі жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресіндегі жасалып жатқан іргелі жұмыстар мен жетістіктерді тарқата айтып, тобықтан тартып тұрған түйінді ...

    Read More »

    Қажымұқан спорт мектебі – чемпиондар ұстаханасы

    Спорт сүйер қауым елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні болып аталып келе жатқанын жақсы білуі тиіс. Осыған байланысты біз бүгін оқырманның назарына Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандырылған  мектеп-интернет-колледж туралы мәлімет беріп, оның басшысы Мәлік Сапашевпен сұхбатты ұсынуды жөн көріп отырмыз. — Мәлік Әбуханұлы, келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтауға рұқсат етіңіз. Осы орайда өзіңіз басқарып ...

    Read More »

    «SportPреss» клубы «Динамо» кубогында күш сынасты

    Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары экономикамыз дағдарысқа ұшырап, көптеген кәсіпорындар мен зауыттар жабылып, колхоз совхоздар тарап тарих беттерін кете бастаған ауыр бір кезең болғаны баршамызға белгілі. Сол жылдары «Қайрат», «Спартак», «Буревестник» секілді белді спорт қоғамдары өтпелі кезеңнің қийындығына шыдамай тарап кеткенде, өз шаңырағын берік ұстап қалған «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамы еді. «Динамо» сапында кезінде әлем, Еуропа, тіпті Олимпиада ойындарында топжарған ...

    Read More »