• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Ақтауда «Каспий» клубын бопсалаған мәслихат депутаты сотталды

    Ақтауда «Каспий» клубын бопсалаған Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, 25 қарашада Ақтау қалалық сотының үкімімен Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Оған заңсыз жолмен алынған қаражат сомасынан он есе көп айыппұл салынды. Сондай-ақ ол өмір бойы ...

    Read More »

    Марокко құрамасы 25 млн еуро сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайды

    Марокко елінің ұлттық құрама командасы Катарда өткен әлем чемпионатында төртінші орынға ие болғаны үшін Халықаралық футбол федерациясынан берілетін  25 млн еуро сыйақыны қайырымдылық мақсатына жұмсауды мақсат етіп отыр.   Журналист Халид Бейдунның айтуынша, футболшылар сыйақыны түгелдей елдегі кедей балалар мен отбасыларға береді. Валид Реграри жаттықтыратын Марокко құрамасы әлем чемпионатында жартылай финалына дейін жеткен алғашқы Африка және араб елінің командасы болды.  Бұл ...

    Read More »

    Месси «Пари Сен-Жермен» клубында қалатын болды

    Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында қалатын болды. Championat.com сайтының хабарлауынша, клубпен келісімшарт тағы бір маусымға ұзартылды. Мессидің «ПСЖ» командасымен келісімшартының мерзімі 2023 жылғы жазда аяқталуы тиіс болатын. Клуб президенті Нассер Әл-Хелаифи Катардағы әлем чемпионаты кезінде Мессидің әкесімен кездесіп, футболшының тағы бір маусымға қалатыны жөнінде ауызша келісімге келген. Енді Месси тағы бір маусым алаңсыз француз клубында ойнайды. ...

    Read More »

    Криштиану Роналду жаңа клубқа ауысады

    Футболдан Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.  Marca басылымының хабарлауынша, тараптар өзара келіскен, таяу уақытта бұл туралы ресми түрде жария етіледі. Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубымен 2030 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Роналду командада екі жарым жыл ойнайды. Қалған мерзімде 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге Сауд Арабиясы, Мысыр және Грекияның өтінім ...

    Read More »

    Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» аталымы бойынша үздік атанды

    Астана спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Онда әділ-қазылардың шешімімен еліміздің бірінші ракеткасы, «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» номинациясында үздік атанды. «Жыл серпілісі» номинациясында маған дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын. Бұл ұлкен құрмет, аталған марапат мен үшін өте маңызды. Өкінішке қарай, мен марапатты жеке ала алмадым. Өйткені қазір Дубайда оқу-жаттығу жиынындамын. ...

    Read More »

    Спорттағы жыл үздіктері анықталды

    Астанада спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарлады. Салтанатты кеште Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, жаттықтырушылар, спорт журналистерін марапаттап, жыл бойы атқарған еңбегіне құрмет көрсетті. Қазылар алқасы таңдаған 14 номинация бойынша мына азаматтар үздік болып танылды: 1) «Жылдың ...

    Read More »

    Теннисші Заңғар Нұрланұлы жылдың үздік шетел ойыншысы атанды

    Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік шетел ойыншысы» аталымымен марапатталды. 14 жастағы Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады. Биыл ол жекелей және жұптық сында екі реттен жарыс жеңімпазы атанды. Оған қоса, Франциядағы беделді турнирдің финалына дейін жетті. Аталған марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Мен жаттықтырушыларыма және ...

    Read More »

    Астанада «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығы беріледі

    Бүгін Астанада спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығын табыс ету рәсімі өтеді. Салтанатты кеш барысында Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, жаттықтырушылар, спорт саласына қатысты мекемелердегі өзге де мамандарды, спорт журналистерін марапаттайды. Қазылар алқасы жылды қорытындылап, 2022 жылғы үздіктердің атын атайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық ...

    Read More »

    Спорт федерацияларының есеп беруі аяқталды

    Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында федерациялардың жылды қортындылап, есеп беруі жалғасып жатыр. Бүгін бірқатар олимпиялық емес спорт түрлері биыл атқарылған жұмыс жайлы есеп берді. Бұл қатарда су астында бағдарлау, Nomad MMA, пенчак силат, комбат дзю-дзюцу, президенттік көпсайыс, альпинизм, самбо, футзал, дойбы, судомодель спорты мен каратэнің бірнеше түрі (мейбукан годзю-рю каратэ-до, ашихара ...

    Read More »

    Париж Олимпиадасының билеттері сатыла бастады

    Францияның астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының билеттерінің сатылымы басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт комитеті Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарлады. Жанкүйерлер сатылымның алғашқы кезеңінде мынадай жолмен де билетті сатып ала алады. Яғни, алдымен Make Your Games («Өз ойындарыңды жинақта») атты билет пакетін сатып алу үшін 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін https://tickets.paris2024.org сайтында тіркеуден өту ...

    Read More »