• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке дайындалып жатыр

    Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы дивизионда IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр. Дайындық кезінде ол кезінде Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жектерге дайындалған мексикалық боксшы Ласаро Лоренсанамен төрт раунд спарринг өткізді.

    Спаррингтен кейін Жәнібек Әлімханұлы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жеке шығуға дайын екенін айтты.

    «Канелоның» спарринг қарсыласы мексикалық Лазаромен 4 раунд спарринг. «Канелоға» дайындық бір күнге де тоқтаған емес!!, — деп жазды әлеуметтік желіде боксшының командасы.

    Жәнібек Әлімханұлы да атақты мексикалық боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін айтып келеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *