• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Мария Лукьянова турнирдің жеңімпазы атанды

     Ливанның Джеззин қаласында WTT Youth Contender Jezzine халықаралық үстел теннисі турнир өтіп жатыр. Осы турнирде 11 жасқа дейінгі жас санатында Мария Лукьянова (Қарағанды) алтын медаль жеңіп алды. 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында ширек финалға Дарья Фу (Қарағанды), Айназ Адилгереева (Алматы), Мария Лукьянова (Қарағанды) жетті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Ағайынды қазақ балалары әлем чемпионы атанды

    Ағайынды жас спортшылар – Арслан Берік пен Арсен Берік джиу-джитсуден  Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан «Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship  2022» әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды. Әлемдік дода 11-19 қараша аралығында өтіп жатыр. Оған әлемнің 120 елінен келген жас спортшылар қатысып жатыр. Бұл чемпионат AJP Tour халықаралық турнирлерінің соңғы кезеңі болып саналады. Ол – әлемдегі ең ...

    Read More »

    Сенатор спорттың жастар денсаулығына зиян тигізіп жатқанын айтты

    Сенат депутаты Ғалиаскар Сарыбаев жас спортшылардың денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады. Оның айтуынша, бүгінде спорт федерациялары өз бетінше ашылады әрі республикалық бірлестіктерден оқшау болады. Соның салдарынан олардың бапкерлері балаларды жаттығуға тартып, денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. «Бүгінде еліміздегі жаттықтырушылар балаларды олардың денесі физикалық және психологиялық тұрғыдан ауыр жүктемелерге әлі дайын емес кезінен бастап, спортпен шұғылдануға тартуы ...

    Read More »

    Қазақстан мен Өзбекстан футболды бірігіп дамытуды қолға алды

    Ташкент қаласында Өзбекстан футбол қауымдастығының бірінші вице-президенті Равшан Ирматов пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов кездесіп, Орталық Азияда футболдың дамуына ықпал ететін үлкен синергияны құру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат федерациялар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, Орталық Азиядағы футболды насихаттауға, дамытуға, барлық санаттағы ұлттық құрамалардың жолдастық матчтарын ұйымдастыруға және меморандумға қол қойған елдерде өткізілетін халықаралық турнирлерге қатысуға арналған. Меморандумға ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан ұтылып қалды

    Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді.  Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өткен Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 2:0 есебімен аяқталды. Голдың авторлары: Эркинов 12 (1:0), Шомуродов 45 (2:0). Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 19 қараша күні Біріккен Араб Әмірліктерімен кездеседі. Өзбекстанға қарсы матчтың екінші таймында алаңға екі жылдық үзілістен соң Бауыржан Исламхан шықты. Оған жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

    Иранның Бендер-Аббас қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлықтағы 11 елдің 29 құрамасы 18 қарашаға дейін мықты команданы анықтайды. Бұл қатарда жарыс қожайыны Иран төрт құрама қосса, Қазақстан, Австралия, Қытай, Таиланд, Жапония мен Катар үш командадан жіберді. Оман, Индонезия, Гонконг екі жұптан аттандырды. Тек Үндістан бір құрамасына сенім артады. «D» тобындағы Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы (Қазақстан ...

    Read More »

    Дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

    Атырау қаласында дзюдодан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Алғашқы күні ерлер 60 кг, 66 кг, әйелдер 48 кг, 52 келі салмақтағы мықтыларды анықтады. Бұл салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер: 60 кг: Қанат Сейілхан (Атырау облысы) Мерей Марханбетов (Маңғыстау облысы) Ержан Еренғайыпов (Астана қаласы) Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда облысы) 66 кг: Есет Қуанов (Ақтөбе облысы) Сұңғат Жұбатхан (Маңғыстау облысы) Айболат Ыстыбай (Атырау облысы) ...

    Read More »

    Нысананы көздеушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті. Винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстан құрамасынының еншісіндегі бесінші-медаль. Осыған дейін командалар арасындағы сайыста еліміздің ерлер құрамасы күміс, әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанған. Ал оның алдында Константин ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан төрешісіне алғаш рет «Күміс белгі» берілді

    Теннистен төреші Юлия Игнатченко халықаралық теннис қауымдастығының шешімімен «Күміс белгі» (Silver Badge) атағын алды. Мұндай құрметке еліміздің төрешілері алғаш рет ие болып отыр. «Күміс белгі» атағы кәсіби қызметін лайықты атқарып келе жатқан төрешіге беріледі. Бұл атақты алу үшін төрешіге кем дегенде 60 халықаралық турнирге қазылық етіп, «Алтын белгісі» бар төрешілер мен супервайзерлердің тиісті бағасын алу керек. Содан кейін ITF, ATP, ...

    Read More »

    Ауыл жаттықтырушысынан Алашқа танылған ұстаз

    Әр салада кәсіби маман болу үшін білімді, білгір қамқоршы ұстазың болу керек. «Ұстазсыз шәкірт тұл», демекші ұстазы мықтының ұстамы мықты болады. Мен мектепте оқып жүргенде бізге сабақты көбінесе соғыс ардегерлері берді. Ұлы Отан үшін от кешкен майдангерлерден алған тәлім-тәрбиеміз өмірімізге үлкен бағдаршам болды. Майдангер ұстаздар бізді отансүйгіштікке, адалдыққа, елжандылыққа үйретуде көп еңбек сіңірді. Ал, сол ардагер ұстаздардың арасында жас та ...

    Read More »