• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Криштиану Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

    Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Исландия командасымен ойында ұлттық құрама сапындағы 200-матчын өткізді. Осылайша, ол  Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол Кувейт футболшысы Бадер әл-Мутавадан (196) төрт матч көп ойнаған. 

    Роналдуға кездесу басталар алдында  200-матч өткізген әлемдегі алғашқы футболшы деген сертификат табыс етілді.  Осы ойында ол жалғыз голды салып та көзге түсті.

    Роналду Португалия құрамасы сапында 2003 жылдан бері ойнайды.  Содан бері ұлттық команда жейдесінде 122 гол салып, 43 ассист жасады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *