• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еуропа чемпионатының талисманы таныстырылды

    Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының талисманын таныстыру рәсімін өткізді.

    Еуропа чемпионатының маскоты ретінде таңдалған қонжық Гельзенкирзен қаласындағы мектептердің бірінде таныстырылды.

    Қонжықтың Еуро-2024 турнирінің ресми талисманы ретінде таңдап алынуына осы ойыншықтың алғаш рет ХХ ғасырдың басында Германияда шығуы себеп болған екен.

    Енді алдағы екі аптада жанкүйерлер УЕФА ресми сайтында қонжыққа ат таңдайды. Ұсынылған төрт нұсқада да немістің Bär сөзі бар. Ол қазақ тіліне аударылғанда «қонжық» деген мағынаны береді. Ал төрт нұқсада  Albärt, Bärnardo, Bärnheart және Herzi von Bär деген аттар бар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *