• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Иранда футболшы Әли Даеи өлім жазасына кесілді

    Иран өкіметі футболдан елдің ұлттық құрама командасының бұрынғы шабуылшысы Әли Даеиді өлім жазасына кесті. Кезінде Иран құрамасы мен Еуропаның бірнеше  атақты клубтарының ойнаған футболшы қыркүйек айының басында қаза тапқан 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты наразылық акцияларына қатысқан. Ол Иран үкіметін қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық және қамауға алуды жалғастырудың орнына Иран халқының мәселелерін шешуге шақырған. Осы жазбасы Instagram желісінде жарияланғаннан кейін оның ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Лионель Месси еш жарақатсыз командаға қосылды

    Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатына дайындалу үшін БАӘ-не барып, командаға қосылды. Месси Әбу-Дабиге «Ювентус» клубының ойыншылары Анхель Ди Мария мен Леандро Паредеспен бірге келді. 16 қарашада Аргентина құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен жолдастық матч өткізеді. Ал әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы «C» тобында Сауд Арабиясы, Мексика мен Польша командаларына қарсы ойнайды. Аргентина құрамасы 1978 және 1986 жылдары ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстанның қарсыластары анықталды

    Хоккейден Қазақстан ұлттық құрама командасының 2023 жылы Қысқы Универсиададағы қарсыластары белгілі болды. Студенттер ойындары АҚШ-тың Лэйк-Плэси қаласында қаңтар айының 12-22 аралығында өтеді. Қазақстан командасы Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ ойыншыларымен кездеседі. Екінші топта Швеция, Чехия, Канада, Украина, Латвия және Жапония хоккейшелері өзара мықтыны анықтайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Олимпиаданың ресми рәміздері жарияланды

    2024 жылы Францияның астанасы Париж қаласында өтетін жазғы Олимпия ойындарының ресми рәміздері таңдалды. Олар Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің штаб-пәтерінде жарыстар басталардан 620 күн бұрын таныстырылды. Францияның символы саналатын Фригия (Фракия) қалпақшалары түріндегі ойыншықтар спорттық шараның символына айналды. Паралимпиадашы Фриги Олимпиададағы серіктесінен бір ғана протездік аяғымен ерекшеленеді. Олимпия ойындары келесі жылы 26 шілде мен 11 тамызы аралығында болады.   ...

    Read More »

    Роналду «Манчестер юнайтедтің» опасыздық жасағанын айтты

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду британдық журналист Пирс Морганға резонансты сұхбат берді. Ол сұхбатта «Манчестер юнайтед» клубының соңғы 13 жылда жақсы жаққа өзгермегенін айтты. «Соңғы 13 жылда команда жақсы жаққа еш өзгерген жоқ. Өсу нөлге тең. Сэр Алекс Фергюссон қызметтен кеткеннен кейін клубта ешқандай өзгеріс көрмедім», — деді ол. Сонымен бірге футболшы клубты өзіне опасыздық жасады деп айыптап, сатқындықты сезінгенін жеткізді. ...

    Read More »

    Құрманғалиев — қола жүлдегер!

    Кіші ракетка шебері Алан Құрманғалиев Словакия үстел теннисінен  өтіп жатқан WTT Youth Contender Senec 2022 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.  Ол Джамдиэль Торресті (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичті (Польша), Степан Брхельді (Чехия), Рохелио Кастро (Мексика) мен Андре Бертельсмайерді (Германия) жеңді. Осы жолы Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі жастар арасында өнер көрсетті. Сондай-ақ осы турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Санжар Жұбановпен бірге күш ...

    Read More »

    Су добынан ерлер құрамасы — Азияның қола жүлдегері!

    Таиландтта су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатында  Қазақстанның ерлер құрама командасы да  қола жүлдегері атанды.  Еліміздің ерлер құрамасы Иран командасын 8:5 (1:1, 1:1, 4:3, 2:0) есебімен ұтты. Бұған дейін су добынан әйелдер құрама командасының  Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғаны туралы хабарланды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Су добынан Қазақстан құрамасы Азияның қола жүлдегері атанды

    Таиландтта су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатында  Қазақстанның әйелдер құрамасы қола жүлдегері атанды.  Қазақстанның арулар командасы үшінші орын үшін ойында Таиланд құрамасымен кездесіп, алаң иелерін 15:4 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін бұрымдыларымыз жартылай финалда Жапониядан 12:16 есебімен жеңілген болатын. Бүгін Азия чемпионатының қола жүлдесін Қазақстан ерлер құрамасы сарапқа салады. Олардың қарсыласы — Иран құрамасы. Енді Андрей Сазыкин жаттықтыратын команда қола ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы Бентлиді неге нокаутқа түсірмегенін айтты

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлимен 12 раундтық жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін оны неліктен нокаутқа түсірмегенін айтты. Ол бұл айқасқа дейін қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берген болатын. Бұл – бокс. Мұндай айқастарға боксшылар 100 пайыз дайындалып шығады. Бұл – менің бірінші 12 раундым. Алда жақсылап дайындалып, бұдан да жақсы өнер көрсетеміз, — деді Жәнібек рингте тұрып.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Қазақстан самбошылары 10 медаль алды

    Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрама командасы 3 күміс, 7 қола жүлде алды. Жарыстың үшінші күнінде жауынгерлік самбодан 71 келіге дейінгі салмақта Әсет Анарбаев финалға шығып, израильдік Тариэль Аббасовқа есе жіберді. Ал 88 келіде Айбек Саметаев жартылай финалда сүрініп, қола жүлдеге ие болды. Тағы бір қола медальді әйелдер арасында 80 келіден аса салмақта Арайлым Әбенова ...

    Read More »