• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы қатарынан үш матчта жеңіске жетті

    Футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші матчында сырт алаңда Солтүстік Ирландия командасымен кездесті.

    Матчта Қазақстан құрамасы алаң иелерін 1:0 есебімен ұтып, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Матчтың 88-минутында Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы жеңіс сыйлады.

    Одан басқа H тобында Финляндия құрамасы Сан-Мариноны 6:0 есебімен жеңсе, Словения мен Дания құрамалары 1:1 есебімен тең түсті.

    Енді ұлттық құрама 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндияға қарсы ойнайды. Одан кейін 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен кездеседі.

    Қазақстан құрамасы осымен үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті. Euro-2024 іріктеуінде алғашқы матчта Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, одан кейін Дания (3:2), Сан-Марино (3:0), Солтүстік Ирландия (0:1) құрамаларын ұтты.

    Солтүстік Ирландия – Қазақстан – 0:1 (0:1)

    Гол: Абат Айымбетов 88;

    Ескертулер: Джордж Сэвилл 66 – Нұралы Әліп 67, Асхат Тағыберген 70;

    Солтүстік Ирландия: Бэйли Пикок-Фаррелл, Джордан Томпсон (Киарон Браун 84), Крейг Каткарт, Джонни Эванс (Конор Макменамин 63), Патрик Макнейр, Трэй Хьюм, Алистер Макканн (Дэйл Тэйлор 71), Джордж Сэвилл, Ши Чарльз, Дион Чарльз (Шейн Лавери 72), Айзек Прайс;

    Қазақстан: Игорь Шацкий, Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Марат Быстров, ​Александр Марочкин, Михаил Габышев, Асхат Тағыберген (Еркін Тапалов 81), Абзал Бейсебеков, ​Бақтиер Зайнутдинов (Исламбек Қуат 74), Рамазан Оразов (Эльхан Астанов 81), Максим Самородов (Абат Айымбетов 81);

    Бас төреші: Рой Райншрайбер (Израиль).

    19.06.2023. «Уиндзор Парк», Белфаст, Солтүстік Ирландия.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *